Западно-Казахстанская область

Оралда тоқ соғып, денесінің 95 пайызын күйік шалған 9 жасар бала көз жұмды

Батыс Қазақстан облысында денесінің 95 пайызын күйік шалған 9 жасар баланың көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы баланың алған жарақатынан аман қала алмағанын мәлім етті.

Ведомство 1 мамыр күні сағат 23:55-те электр тоғынан жарақат алған баланың өлімі тіркелгенін хабарлады.

9 жасар бала далада ойнап жүріп электр тогына түскен. Ол ұшып кеткен добын алу үшін трансформатордың төбесіне шығып, төмен түсіп бара жатқанында сымдарға тиіп, қатты тоқ соққан.

Ол 4-дәрежелі күйікпен және денесінің 95 пайызын зақымдап ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайы өте ауыр екенін айтты.

Другие новости

Back to top button