Западно-Казахстанская область

Оралда су тасқынынан зардап шеккен отбасы өрттен қаза тапты

3 шілде түнінде Үшөзен жағалауындағы «Зейнеткер» бау-бақша серіктестігінде жас отбасыға тиесілі үй өртеніп, жас ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

«Уральская Неделя» басылымының жазуынша, өрт сөндірушілер үйді бірнеше сағат бойы сөндіруге тырысқан, бірақ отты таңға қарай ғана тоқтата алған.

«Оқиға орнынан екі адамның денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Көршілер қаза тапқандардың жас отбасы екенін, жұдайының жақында 30 жасқа толғанын айтады.

«Олардың үйі су тасқынынан зардап шекті. Залалды анықтайтын комиссияны күтіп жүрген, бірақ оған жете алмады», — дейді тұрғындардың бірі.​​

Другие новости

Back to top button