Главное
Оралда қолына әдемі жүзік таққан әйел қиын жағдайға тап болды (ВИДЕО)

Орал қаласында егде жастағы әйел жүзік киемін деп, әбігерге түскен: өлшемі тарлау жүзікті өз күшімен шеше алмаған ол, құтқарушыларды шақырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
112 қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушыларға 1958 жылғы әйел қоңырау шалып, жүзігін шеше алмай жатқанын айтқан.
«Құтқарушылар жүзікті сындырып, әйелдің саусағынан шешіп алды», — дейді 112 қызметінің баспасөз қызметі.