Оралда кәсіпкерді өлтірген күдіктілер қолға түсті
Олардың қалай ұсталғаны туралы мәліметтер әзірше жария етілген жоқ
Полицейлер Оралда кәсіпкерді өлтірді деген күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды «Мой город» басылымы.
Күдіктілердің ұсталғаны 8 тамызда белгілі болды. Олардың қалай ұсталғаны туралы мәліметтер әзірше жария етілген жоқ.
Еске салсақ, 6 тамыз күні сағат 20:00 шамасында Орал қаласындағы П. Атоян атындағы саябақ пен стадионның автотұрағында ер адам кісі қолынан көз жұмған болатын. Марқұмның қалаға белгілі кәсіпкер, бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі екені белгілі болды. Басқа мәліметтер анықталып жатыр.
Желіде ер адамның асқан қатыгездікпен өлтірілген видеосы пайда болған еді. Полиция адам өлтірді деген күдікпен екі адамға іздеу жариялаған болатын.
БАҚ бетінде кісі өлтіруге тұрмыстық жанжал себеп болғаны жарияланды. Марқұм кәсіпкер қызметкерлерге жалақысын бермеген, қарыз болған, ал қылмыскерлер оған жалданып жұмыс істеген деген деректер айтылды.