Западно-Казахстанская область

Оралда жарылыс орнынан үш адамның денесі табылды

Қайғылы оқиға 25 сәуірде Құсайынов көшесінде болған

Оралда жеке тұрғын үйде жарылыс болып, оқиға орнынан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 25 сәуірде Құсайынов көшесінде болған.

«Өрт аумағы 30 шаршы метрге тарады. Гараж ішінде ВАЗ-2121 («Нива») көлігі тұтанып, кейіннен өрт 42 шаршы метрлік жеке тұрғын үйдің шатырына өткен. Гараждан 3 мәйіт табылды, сондай-ақ 4 оттегі баллоны (сыйымдылығы 50л) шығарылды», — делінген хабарламада.

Өрт сағат 21.32-де оқшауланып, 22.02-де жойылды.

«Қазіргі кезде өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатырӨртті сөндіруге ТЖД және қызмет басшылығы, № 5 ӨСБ, 8 ӨСБ, ӨСКҚ, анықтау бөлімі (23 қызметкер және 7 бірлік техника) жұмылдырылды», — делінген хабарламада.

» alt=»» aria-hidden=»true» />

Другие новости

Back to top button