Западно-Казахстанская область
Оралда газ жарылып, екі қабатты дәмхана ғимараты қирап, өртенді
![](https://matritca.kz/wp-content/uploads/2024/01/full_1704341948f3cd28088ffc6458b32bb8cec34986e8_webp-780x470.webp)
Оралда газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан екі қабатты Rizyq дәмханасының ғимараты құлап, өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқтиға 4 қаңтар күні түнде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке себеп газдың жарылуы.
Жалын сағат 02:40-та сөндірілген. Қазір үйінділерді тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Мамандар жедел психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны жұмыс істейтінін мәлімдеді.