Западно-Казахстанская область

Оралда еріген қар суы бір көшені басып қалды (ВИДЕО)

Орал қаласында еріген қар суы көшелерді басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ мәліметінше, қалада көше жолдары арқылы аққан еріген су сорылып, тазарту жүргізіліп жатыр.

Орал қаласының Сарыарқа шағынауданында қалың қардың еруі салдарынан қалаішілік автожолдың ойпатты бөлігіне су жиналып, екі шағынауданды байланыстыратын жолға еріген су жайылды.

«Көлік қозғалысы бұзылған жоқ және халық үшін қауіп жоқ.

Бұл жерде Батыс Қазақстан облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр. Олар мотопомпалардың көмегімен су айдауды жүргізуде. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Другие новости

Back to top button