«Орал бұрыннан Ресейдікі»: БҚО-ның екі тұрғыны сепаратистік сөздері үшін қамауға алынды
«Орал бұрыннан Ресейдікі» деп айтқан, 20 жылдан астам уақыт сол өңірде тұрып жатқан азамат сепаратизм және әлеуметтік, ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша сотқа берілді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі“Мой город” порталына сілтеме жасап.
Басында полицейлер бұл іске қатысты іс ашылмағанын айтты. Ол кезде департамент ер адамның мас болғаннан арандатушылық жасағанын, ісіне өкініп, кешірім сұрайтынын түсініспеушілік болғаны туралы айтқанын жеткізді.
Алайда бірнеше күннен кейін құқық қорғау органдары ер адамды жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады. Атышулы видеоға қыздың да түскені белгілі болды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің бірден екі бабы – сепаратизм және әлеуметтік, ұлтаралық араздықты қоздыру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.
27 сәуірде тергеу соты БҚО-ның екі тұрғынын қамауға алуға санкция берді. Іс бойынша тергеу аяқталды.
Бұған дейін де екі жас жігіт «Орал мен Чапаев Ресей өзіне алуы керек” деп айтқан болатын. ҰҚК қызметкерлері тексере келе олар кәмелетке толмаған жасөспірім болып шықты.