Западно-Казахстанская область

Орал ауруханалары Ресейден келген дәрігерлерге 500-600 мың теңге жалақы төлеуге дайын

Өңірде хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар жетіспейді

Ресейден келген дәрігерлерге оралдық ауруханалар 500-600 мың теңге көлемінде жалақы төлеуге дайын. Өйткені өңірде хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар жетіспейді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметованың айтуынша, қазір Ресейден келген екі дәрігер – эндоскопист пен инфекционистің құжаттары рәсімделіп жатыр. Үшінші маман  шекарада тұр дейді. Оның да құжаттары реттелген соң, жұмысқа кіріспек.

Барлық процедура заңға сәйкес жүргізілуде. Аурухана басшылығы жаңа қызметкерлердің тұрмыстық мәселесін шешуге де тырысамыз деп отыр.

«Жұмыс өтілдері бар: біреуінде 8 жыл, біреуінде 12 жыл, шекарадан келетінінде 15 жыл бар. Біздің беретін жалақымызды олардың алған жалақысымен салыстырғанда, бірдей болып тұр. Сондықтан біздің жалақымыз олардың жалақысынан аз емес. Сапалы жұмыс істесең, жалақы да болады, бәрі де болады», — дейді БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

 

Другие новости

Back to top button