ГлавноеГосорганы

«Оператор РОП» ісі бойынша Әлия Назарбаевадан жауап алынбаған — Бас прокуратура

Әлия Назарбаева “Оператор РОП” бойынша сот процесіне қатысқан жоқ. Бұл туралы Stan.kz  Tengrinews.kz хабарлайды.

Бас прокуратура Назарбаевадан сотта жауап алынбағанын мәлімдеді.

«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбек «Оператор РОП» ЖШС-дағы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, ақшалай қаражатты ұрлағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.

А.Назарбаева осы қылмыстық іс бойынша процеске қатысушы ретінде тартылмаған және одан жауап алынбаған», – деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Әлия Назарбаеваға қатысты өтініш түспегенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров қыркүйек айында куәгерлер Әлия Назарбаеваны «Оператор РОП»-тың соңғы бенефициары ретінде көрсеткенін айтқан еді.

Другие новости

Back to top button