ГлавноеГосорганы

Өңірлердегі жағдай бізге берген ақпараттан әлдеқайда нашар болып шықты – Әлихан Смайылов

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелерін баспасөз бен әлеуметтік желідегі жылыту маусымы туралы шағымдарға мән беруге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Тексерулер басталды. Өңірлердегі нақты жағдай бұған дейін берілген ақпараттан да нашар болып шықты. Проблемалар жасырылып келді. Бөлінген қаржы жеткіліксіз болғандықтан жаңғырту мен сапалы жөндеу жүргізілмеген. Станциялар мен желі иелері жеткілікті инвестиция салмаған. Қараусыз жатқан желілердің мәселесі де шешімін тапқан жоқ», — деді Үкімет басшысы.

Ол елімізде қыс айлары өте қатал екенін, жылу жүйесінде бұған дейін де талай апат болғанын еске алды.

«Бірақ олар саны жағынан да, ауқымы жағынан да дәл осындай болған емес. Баспасөз бен әлеуметтік желідегі шағымдарға қараңыздар. Барлық өңірден мыңдаған шағым бар. Бұл бір күннің ғана проблемасы емес. Жылдар бойы қордаланып жиналды», — деді Әлихан Смайылов.

 

Другие новости

Back to top button