Олимпиадаға қатысатын неше спортшымыз өзге елде дүниеге келген?
Франция астанасында басталатын Париж Олимпиадасына Қазақстанның 80 спортшы жолдама алған еді. Олардың арасында өзге елдерде дүниеге келгендер де бар, деп хабарлайды Ulyssport.kz.
Әбиба Әбужақынова (дзюдо) — Өзбекстанда дүниеге келген.
Эсммгул Куолова (дзюдо) — Өзбекстанда туған .
Сәкен Бибосынов (бокс) — Өзбекстанда дүниеге келген.
Мұхамедсабыр Базарбайұлы (бокс) — Қырғызстанда дүниеге келген.
Тимур Хайдаров (каноэде есек есу) — Өзбекстанда туған.
Елена Рыбакина (теннис) — 2018 жылдың маусым айында Қазақстан азаматтығын алды.
Сергей Токарницкий (Байдаркада ескек есу) — 2013 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Юлия Путинцева (теннис) — 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Бублик (теннис) — 2012 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Шевченко (теннис) — 2024 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Александр Недовесов (теннис) — 2013 жылы Украинандан ауысып келді.
Юсуп Батырмурзаев (еркін күрес) — 2013 жылы Ресей Федерациясынан ауысып келді.
Екатерина Шаблина (триатлон) — 2021 жылдан бастап, Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
Нора Джеруто (жеңіл атлетика) — 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.
2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанды.
Дейзи Джепкемей (жеңіл атлетика) — 2022 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсетеді.