Главное

Олимпиада жүлдегері Жазира Жаппарқұл Шымкентте базарда саудамен айналысып жүр (ВИДЕО)

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, зілтемірші Жазира Жаппарқұл қазіргі уақытта Шымкент қаласында саудамен айналысып жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол спорт журналисінің youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшы базарда өзіне тиесілі сауда нүктесін басқарып отырғанын және барлық процеске тікелей араласатынын жеткізді.

«Базарда сауда жасаймын. Онда өзімнің адамдарым жұмыс істейді. Арасында өзім де барып, қарап жүремін. Барлық тауарға өзім тапсырыс беремін. Сатып алушылар мені танып қалып, таңданып жатады», – дейді Жаппарқұл.

Ол қоғамның көзқарасына қатысты пікірін де ашық білдірді. Спортшы өзінің еңбекпен айналысып жүргеніне қарамастан, кейбір адамдардың орынсыз сын айтып жататынын айтты.

«Ішіп кетсем жануарға теңейсіңдер, сауда жасасам «не боп боп қалды?» дейсіңдер. Дұрысы — спортпен не бизнеспен айналысу. Менталитет дұрыс емес сияқты», – деп ойын білдірді.

Еске сала кетейік, Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында Жазира Жапарқұл 22 жасында күміс медальға ие болды. Үлкен жеңісі үшін сол кездегі облыс әкімі оған екі бөлмелі пәтердің және Land Cruiser 200 жол талғамайтын көліктің кілттерін табыс еткен болатын.

Другие новости

Back to top button