ГлавноеНур-Султан

Олай болса Нұрсұлтан Назарбаевты да соттайық – Байжановтың адвокаты

Бүгін Қуандық Бишімбаевтың сотындағы жарыссөз кезінде Бақытжан Байжановтың адвокаты Әлібек Секеров Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты сөз айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Дәлірек айтсақ, адвокат Әлібек Секеров Бақытжанға тағылып отырған «аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей жасырып қалу айыбына» қатысты пікір білдірді.

«Әрине, Салтанаттың өлімі – адам төнгісіз жағдай. Мен Салтанаттың отбасына қайғыра көңіл айтамын. Адам ретінде, адвокат ретінде менің де жаным ауырады. Сіздердің жақындарыңыз өмірден өтті. Бұны ешкімнің басына бермесін. Қаза тапқан Салтанатты енді өмірге қайтара алмаймыз. Тергеу Бишімбаевтың Салтанатты өлтіргенін дәлелдеді, бірақ істің қай баппен қаралатынын сот шешеді. Бірақ, бұл іс резонанс алды екен деп кінәсіз адамды соттауға болмайды. Менің қорғауымдағы Байжанов Салтанат өлді деп ойлаған жоқ. Егер олай болса біз сол күні мейрамхананы жөндеген малярды, әкімшіні, тіпті, елдің бұрынғы бірінші басшысын (Нұрсұлтан Назарбаевты – ред.) да соттайық», — деген Әлібек Секеров бұған дейін Бишімбаевты «элитаның паразитіне» теңеген адвокатпен келісті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін зардап шеккен адамның  адвокаты Игорь Вранчев «Бишімбаев сияқтыларды 30 жыл бойы жүгенсіз кеткен жүйе тәрбиелеп өсірді» деген пікірін айтқан еді.

Другие новости

Back to top button