«Ол сенің теңің емес»: тележүргізуші Диана Скатова жігітін көрсеткенде, хейтке тап болғанын айтты (ВИДЕО)

«Қалаулым» жобасы арқылы танымал болған тележүргізуші Диана Скатова жақында тұрмыс құрып, жеке өміріне қатысты сұхбат берді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Диананың айтуынша, олар бірін-бірі бұрыннан танығанымен, қарым-қатынастары бірден махаббатқа ұласпаған. Жәй ғана телефон арқылы сөйлесіп жүрген екеуі күтпеген сәтте жақындасып кеткен.
«Біз қыз бен жігіт ретінде сырласа бастасақ та, классикалық кездесулер болған жоқ. Бірінші кездесуде Сұлтан «мен саған үйленгім келеді» деді. Мен шок болдым, бірақ сол шокпен қатар ішімде бір сенім болды. Өзімді осыған дайын сезіндім», – дейді Диана.
Диана қарым-қатынастарының одан әрі тереңдей түскенін ерекше ықыласпен еске алды.
«Сол сәттен бастап біз қыз бен жігіт ретінде ресми кездесе бастадық. Сол кезде мен үшін бәрі тоқтап қалғандай еді. Әлемде тек екеуміз ғана болдық – Сұлтан және мен. Бұл – бұрын-соңды сезінбеген ерекше күй», – дейді ол.
Алайда тележүргізуші сүйіктісін халыққа көрсеткенде, олардың тарапынан көп хейт болғанын да айтты.
«Ол сенің теңің емес. Диана онша емес, қап-қара кішкентай бірдеңе. Одан да жақсысын табасың деген сөздер болыпты. Мен өзім де таңқалдым», — дейді Скатова.