ГлавноеГосорганы

Өгей әкелерімен бірге тұратын отбасылар тексеріледі ме? — ІІМ Вице-министрі жауап берді

ІІМ вице-министрі Игорь Лепеха өгей әкелерімен бірге тұратын барлық отбасын зорлық-зомбылық фактілері бойынша тексеруге қатысты ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Сенаттың жалпы отырысынан кейін Игорь Лепеха журналистердің сұрағына жауап берді. БАҚ өкілдері вице-министрден өгей әкелерді зорлық-зомбылық жасауы мүмкін деген болжаммен оларды тексеру туралы ақпарат қоғамда резонанс туғызғанын айтып, осы жоспардың қаншалықты шындыққа негізделгенін сұрады.

“Баланы өгей әкесі тәрбиелеп отырғаны бұл ешқандай бұзушылыққа жатпайды. Сондықтан оны тексеруге еш себеп жоқ”,- деп жауап берді  вице-министр Игорь Лепеха.

Оның айтуынша, тексеруге тек кәмелетке толмаған баланың кейбір құқықтары мен мүдделерінің бұзылуы немесе қылмыстық, ия болмаса әкімшілік заңнаманың бұзылуы ғана себеп бола алады.

«Баланы өгей әкесі тәрбиелеп отыр екен деп, біз оны негізсіз тексермейміз және бұл мүлдем дұрыс емес деп ойлаймын», — деп жауап берді ол журналистердің сұрағына.

Еске салайық, бұған дейін өгей әкелерімен бірге тұратын отбасыларды тексеру туралы мәселе бас прокуратураның ведомстваралық кеңесінде көтерілген болатын.

 

Другие новости

Back to top button