ГлавноеСпорт

Нұрсұлтан Құрман – Қазақстан футзал қауымдастығының жаңа президенті

Қазақстан футзал қауымдастығында басшылық ауысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан футбол федерациясы Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұйымның президенті қызметіне спорт менеджері Нұрсұлтан Құрман тағайындалды.

Бұған дейін, 2023-2024 жылдар аралығында Нұрсұлтан Құрман аталмыш қауымдастықтың вице-президенті қызметін атқарып, медиа стратегия мен коммуникация бағыттарына жауапты болды. 2025 жылдың қаңтарынан бастап ол Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі ретінде жұмыс істеп, мамыр айында ҚФФ Атқарушы комитетінің құрамына енді.

Нұрсұлтан Құрман — спорт саласында мол тәжірибесі бар маман. Ол елдегі футбол және футзал чемпионаттарын тұрақты түрде ақпараттық қолдаумен қамтамасыз етіп, түрлі медиа-жобалардың жасалуы мен дамуына үлес қосқан. Сонымен қатар, ұлттық турнирлерді ұйымдастыру мен бұқаралық футболды дамытуға белсенді қатысқан.

Ал бұрынғы президент Талғат Қосмұхамбетов енді қауымдастықта вице-президент лауазымына көшеді.

Другие новости

Back to top button