Еуропалық Одақта ресейліктерді кіргізу туралы пікірталастар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі korrespondent.net-ке сілтеме жасап.
Норвегияның иммиграциялық департаменті 300-ге жуық ресейлік азаматтың баспана сұраған өтінішін қарауды тоқтатты. Олар үшін жеке процедура әзірлеуді көздеп отыр.
Норвегияның иммиграциялық кеңсесі қыркүйек айының соңына қарай 244 ресейлік елге баспана алу үшін келгенін, мобилизация жарияланған кейін тағы бір толқын жеткенін хабарлады.
«Біз ЕО-мен ынтымақтастыққа мүдделіміз және оның Еуропаның қалған бөлігінде қалай болатынын көргіміз келеді», — деп түсіндірді ведомство өкілі Венче Фоне.
Ол әскери қызметтен жалтару өз алдына Норвегияда баспана алуға негіз болып саналмайтынын айтты. Егер босқын адамзатқа қарсы қылмыстарға қатыспайтынын білдірген жағдайда, ережеде ерекшеліктер бар екенін атап өтті.
Айта кетейік, Норвегияда дрон арқылы күдікті суреттер түсірген ресейлік азаматтар бірнеше рет ұсталған. Ұсталғандардың бірі Ресей президенті Владимир Путиннің жақын серігінің ұлы болуы мүмкін деген бейресми хабар бар.