Спорт

Нью-Делиде өтіп жатқан жарыста Бибісара Асаубаеваның нәтижесін қарсыластары қуып жетті

Әзірге үш үздік ойыншының нәтижелері бірдей

Нью-Делиде ФИДЕ Гран-приінің әйелдер арасындағы 10-турының партиялары аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy  Sports.kz сілтеме жасап.

Ресейлік Александра Горячкина отандасы Полина Шуваловамен тең түсті. Ресейден келген тағы бір шахматшы Екатерина Лагно мен Үндістан өкілі Харика Дронаваллимен бейбіт түрде қоштасты. Тағы бір партияда қытайлық Чжу Цзиньэр үндістандық Рамешбаба Вайшалиді жеңді.

Нәтижесінде бүгін өтетін қорытынды турдың алдында кестенің басында бірден 5,5 ұпай жинаған үш шахматшы бар. Бұл Қазақстаннан келген Бибісара Асаубаева, Чжу Цзиньэр және Александра Горячкина.

Қатысушылардың бүгінгі нәтижесі:

1-3. Бибісара Асаубаева, Александра Горячкина, Чжу Цзиньэр – 8-ден 5,5 ұпай.

4. Кэтрин Лагно – 8-ден 4,5.

5. Полина Шувалова – 8-ден 4.

6. Хампи Конеру – 7-ден 3,5.

7. Харика Дронавалли – 8-ден 3,5.

8. Нино Бациашвили – 7-ден 2,5.

9. Нана Загнидзе – 8-ден 2,5.

10. Рамешбабу Вайшали – 8-ден 2 ұпай.

Другие новости

Back to top button