Денсаулық

Невропатолог миды не өлтіретінін және оны қалай сақтау керектігін түсіндірді

Тюмень кардиоцентрінің невропатологы Марсель Ахметьянов мидың жұмысын не өлтіретінін және оны қалай сақтау керектігін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі AiF басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Мидың жұмысы адамзат үшін құпия болып қала береді. Оның жұмыс істеуіне көптеген факторлар әсер етеді. Тіпті оны кейбірі «суперкомпьютер» деп атайды. Алайда бір күндері мұндай қуатты «компьютер» өз жұмысын тоқтатуы мүмкін.

«Адам миының істен шығуының көптеген себептері бар. Оған тұқым қуалаушылық, тамақтану, экология және бас жарақаттары кіреді. Оның жұмысына ұйқының сапасы, психикалық күй, интеллектуалды және физикалық белсенділік те әсер етеді. Ми қызметінің дұрыс жұмыс істемейтінін басқа ауруларға тән жалпы белгілер арқылы білуге болады. Мысалы, әлсіздік, шаршау, бас ауруы. Кейбір функциялар «жоғалғанда», аяқ-қол мен бет бұлшықеттерінде әлсіздік пайда болады», — деді Марсель Ахметьянов.

Ми өте сезімтал орган. Ол алкогольді сусын ішу немесе темекі шегу кезінде бұзылады. Ми жасушалары — нейрондарда энергия қоры жоқ және олар қандағы глюкоза тасымалдаушылары арқылы қоректенеді. Нейрондар қан айналымы тоқтағаннан кейін орта есеппен бес минуттан кейін өле бастайды.

«Мидың жұмысына стресс те әсер етеді. Ол тікелей емес жанама түрде ми қызметін өлтіреді.  Адам ағзасының басқа бөліктері сияқты, ми да қартаяды. Қартаю процесін тоқтату мүмкін емес, бірақ оны баяулатуға болады. Оқу деңгейі мен интеллектуалдық жұмыс танымдық қабілеттерді ұзақ сақтауға көмектесетіні дәлелденді», — деді невропатолог.

Другие новости

Back to top button