Алматы

Нестленің «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы: балаларды өз денсаулығына да, табиғат саулығына да қамқор болуды үйретеміз

Бірегей экологиялық бастамаға Қазақстанның кішкентай оқушылары қатысады. Алматы мен Астананың 17 оқу орнында оқушылар педагогтермен және ата-аналармен бірге ағаш отырғызады.

Бастама Қазақстан Республикасында 2013 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында және Алматы қаласының Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының және «Нестле Қазақстан» қолдауымен өтіп жатыр. Жақында бағдарламаға балаларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретуге бағытталған экологиялық модуль енгізілді.

Былтыр экомодуль аясында «Өз бағыңды өсір» байқауы ұйымдастырылған, онда педагогтер оқушылармен бірге макулатура жинап, оны қайта өңдеу пункттеріне тапсырдған болатын. Қатысушылар тапсырылған шикізат туралы ақпаратты конкурстың цифрлық платформасында орналастырды. Әр 30 келі макулатура сайтта «цифрлық ағаштарға» айналды. Осылайша 600 ағаш құтқарылды. Алматылық және астаналық оқушылар мен педагогтер оларды конкурсқа қатысқан мектептердің аумақтарына отырғызды.

Байқауға жалпы алғанда, 17 оқу орны қатысты. Олар бірге 18 тоннаға жуық макулатура жинады.

«Біздің гимназия – «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасының ең белсенді қатысушыларының бірі. Былтыр біз «Өз бағыңды өсір» атты жаңа байқауға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Осы тамаша байқаудың арқасында оқушылар қағазды ұқыпты пайдаланудың маңызы, сондай-ақ қайта өңдеу қажеттілігі туралы ой түйді. Ең бастысы, балалар туған өлкенің табиғи байлығын сақтауға өз үлесі қандай екенін түсіне білді», — деді Алматы қаласының №27 гимназиясының директоры Айна Әбдиева.

«Балаларды қорғау күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында №27 гимназия оқушыларымен бірге 50 ағаш отырғызып жатырмыз. Қалған 550-і одан әрі отырғызу үшін Алматы мен Астананың барлық мектебіне жеткізіледі. Балалар үшін ең құнды сыйлық — ағаштарды мектеп аумағына өз қолымен отырғызу мүмкіндігі. Сондай-ақ, өз оқуы барысында оқушылар оларға күтім жасап, көшеттер қалай өсіп жатқанын бақылай алады»,- деп атап өтті Алматы қаласының Білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Татьяна Ежова.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы – «Нестле». Дені сау балалар» жаһандық бастамасының бөлігі. Оның басты мақсаты – 50 миллионнан астам отбасына дені сау және бақытты балаларды тәрбиелеуге көмектесу. Ол үшін компания бүкіл әлем бойынша салауатты өмір салтын ілгерілету машығы мен әдетін қалыптастыруға бағытталған білім беру жобаларын іске асыруда. «Нестле» компаниясы орнықты даму қағидаттарын ұстанады және қоршаған ортаны сақтауға үлес қосады. Балалар бағдарламаны оқи отырып, денсаулығына да, табиғатқа да қамқорлық жасаудың пайдалы дағдыларын үйренеді. Ол үшін бағдарламаға арнайы экологиялық тақырыптар енгізіліп, экологиялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Біз «Өз бағыңды өсір» байқауының жас қазақстандықтардың қызығушылығын тудырғанына қуаныштымыз және осылайша тұрақты және гүлденген болашақ құрылысына маңызды үлес қосатынымызға сенеміз», деп атап өтті «Нестле» компаниясының Корпоративтік жобалар және орнықты даму басқармасының басшысы Светлана Смолина.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы

«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы «Нестле». Дені сау балалар» жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылып келеді. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай дүние жүзіндегі 50 миллион балаға салауатты өмір салтын ұстануға көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» 2013 жылдан бастап елордалық және Алматы мектептерінде жұмыс істейді. Бағдарлама 6-8 жастағы балаларға бағытталған және мұғалімдер өткізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Қазақ тамақтану академиясымен және «Өрлеу БАҰО» АҚ филиалының Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру республикалық институтымен бірлесіп әзірленді. Қазақстанда іске асыру барысында барлығы 60 000-ға жуық бала «Салауатты тамақтану мектебімен» танысты.

«Нестле» компаниясы туралы

«Нестле» — әлемдегі ең ірі тамақ және сусын өндіру компаниясы. Компания әлемнің 188 елінде бизнес жүргізеді. Оның бүкіл әлем бойынша қызметкерлерінің саны шамамен 275 мың және олардың барлығы «Nestle» мақсатын қолдайды — өнімдердің пайдасын ашып, біз бүгінгі және болашақ ұрпақ үшін әркімнің өмір сүру сапасын арттырамыз. «Nestle» адамдардың ғана емес, сонымен қатар, олардың сүйікті үй жануарларының өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің кең ассортиментін ұсынады. Компанияның өнім желісіне 2 мыңнан астам бренд кіреді, олардың қатарында аты аңызға айналған және бүкіл әлемге танымал брендтер бар, мысалы, Nescafé немесе Maggi, Еуразия аймағында танымал «Быстров» және «Nesquik» брендтеріне дейін. Компания өз қызметінде тамақтану және салауатты өмір салтын терең сараптауға негізделген стратегияны басшылыққа алады. «Нестленің» штаб-пәтері 150 жылдан астам уақыт бұрын компанияның тарихы басталған Веве қаласында (Швейцария) орналасқан.

 

Другие новости

Back to top button