Выбор редакцииСоциум
«Не жеп, не мінетініне мән беруі керек еді»: Байден Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді
АҚШ президенті Джо Байден Вагнер ЖӘК негізін қалаушы Евгений Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Пригожин сәтсіз көтерілісінен кейін «не ішіп, не жейтініне және не мінетініне» мән беруі керек еді. Мен не болғанын нақты білмеймін, бірақ таң қалмадым. Ресейде Путиннің араласпаған тірлігі өте аз. Бірдеңе деп айтуға менде артық ақпарат болмай тұр», — деді Джо Байден.
Айта кетейік, Ресейдің Тверь облысында ұшақ апатқа ұшырады. Бортта «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин болған.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ресейде әскери бүлік бастаған Евгений Пригожин ұшақ апатынан көз жұмғанын жазған едік.