Актюбинская область

«Не деген жауыз ұрпақ»: Ақтөбеде үш бала тірі кірпіні доп қылып тепкен (ВИДЕО)

Ақтөбе қаласында үш жас жігіт футбол ойнаған. Алайда, олар доптың орнына тірі кірпіні теуіп, өз қылықтарына өздері күлген, деп жазады Azattyq ruhy.

Олардың аяусыз әрекеттері жергілікті пабликтердің бірінде жариялады. Видео астына пікір қалдырғандар балалардың осыншама жауыздығына қайран қалған.

«Айтарға сөз жоқ, не деген жауыз ұрпақ. Байқұс жәндік әбден қиналды ғой. Жүректері жоқ балалар екен»,-  деп жазған желі қолданушылары.

Ақтөбе қаласының полиция департаменті қазір бұл балаларды іздеп жатыр.

«Видеодағы азаматтарды тауып, жазаға тартамыз», — деп жазған Ақтөбе полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Другие новости

Back to top button