Назарбаевтардың билігіндегі кеден: кірістер комитеті бұл жөнінде не дейді

2024 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистикадағы алшақтық рекорд шегіне — 14 миллиард долларға жетті. Ulysmedia.kz бұл жағдайда «кедендік мафияның” бар екенінің белгісі емес пе деп қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерінен сұрады.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Сіләмов біздің сұрағымызға жауап бере отырып, кеден статистикасындағы алшақтық тек әдіснамалық мәселе екенін баса айтты.
Біздің кеден шекараларымызда «мафия» жоқ, – деп сендірді ол.
Алайда Алматы және Жамбыл облыстарының шекара маңындағы ауылдарының тұрғындары бірнеше жыл бойы Қазақстан-Қытай кеденін бейресми түрде Болат Назарбаев басқарып келгенін айтып жүр. Оның өзі бірақ 2023 жылы қайтыс болған.
Кеденді немесе мемлекеттік шекараны “ұстау” дегенді қалай түсінуге болады? Өздеріңіз білетіндей, мемлекеттік шекара – бұл ерекше режимдегі стратегиялық нысан. Онда кеден органдарынан бөлек, шекара қызметі де жұмыс істейді. Бұл аумақ әрдайым шекарада тұрған қызметтермен қатар, қоғамның да жіті бақылауында болады. Сондықтан біз мұндай фактілерді ешқашан байқаған емеспіз, – деді Сіләмов.
Біздің редакцияның тілшісі мемлекеттік кірістер комитетінің өкіліне 2022 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеденде «қол тигізуге болмайтын уәкілетті операторлар» барын айтқанын еске салды. Демек, мұндай фактілер болған.
Қазіргі таңда ондай жағдайлар байқалып отырған жоқ, – деп тағы да сендірді Бақытжан Слямов.