ГлавноеГосорганы

Назарбаев әулеті қарапайым отбасыға теңестірілді

Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында депутат Айдос Сарым «Елбасы мәртебесі» туралы заң қабылданғаннан кейін Назарбаевтың әулетінің статусы қалай болатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Теңестірілді. Бірінші Президент заңда көрсетілгендей барлық экс-президентке тән нормаларға ие болады. Яғни бұл дегеніміз барлық экс-президентке тән заң шеңберінде қорғалады. Бұл нормалармен сіз бен біз сияқты барлық қазақстандық өмір сүріп жатыр. Өйткені ол барлық адамға бірдей», — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, Мәжілісте Парламент Палаталарының бірлескен отырысының күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» ҚР Конституциялық заңы қабылданды.

Другие новости

Back to top button