Культура

«Намыстанып жылаймын»: «Келінжан» сериалындағы Асылым осы уақытқа дейін жасырған сырқаты туралы алғаш рет ашық айтты

Белгілі әнші, көпшілікке отандық “Келінжан” телехикаясындағы Асылым рөлімен танылған Сара Амангелді алғаш рет денсаулығында кінәрат барын ашық айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Сара Амангелді әлеуметтік желіден көрінбей кетуінің себебін айтты.

“Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім “қалай ән айтып жүрсіз” деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын ба деп қорқамын, паника”, – дейді «KeshYou» тобының бұрынғы әншісі.

Бұл сырқаты әншінің жеке өміріне де кесірін тигізген.

“Мен кішкентай кезімде “Ертең мен нашар естісем күйеу алмайтын шығар” деп жылайтынмын. Кейін араласып жүрген жігіттер менде осындай проблема барын білгенде, бірден өзгеріп, өтірік сылтауратып, ұрысып кетіп қалатын. Не үшін екені белгілі шығар… “Ертең сенен туған бала сен сияқты бола ма?” деп айтқандар да болды”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі.

Другие новости

Back to top button