Социум

«Найзағай соғып, бұршақ жауады»: Елімізде алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Синоптиктер 25, 26, 27 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Болжам бойынша, алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-
шашынды болады. Еліміздің солтүстік-батыс қиырында түнгі уақытта жаңбыр аралас қар жаууы мүмкін.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай соғады. Бұршақ жаууы да ғажап емес. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғып, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады. Онда ауа температурасы түнде 0-12, күндіз 10-20 градусқа дейін
төмендейді. Солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде сынап бағанасы түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін түсуі мүмкін. Кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлайды.

Бұған дейін “Қазгидромет” Қазақстанның бірқатар аймақтарында құрғақшылық болатыны туралы айтқан еді.

Другие новости

Back to top button