Нур-Султан

«Нағашы әпкесі ұрып-соққан»: Астанада 5 жасар қызға қатысты іс тоқтатылды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

17 тамызда Астанада әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 5 жасар қызды соққыға жығу фактісі бойынша істі қарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Сотта А.-ның кәмелетке толмаған қыздың нағашы әпкесі екені анықталды. Ол бала бақшаға барғысы келмегені үшін жиеніне қарсы күш қолданған.

«Күдікті кінәсін мойындады, заңды өкілдің түсініктемесі, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама, бейнежазба және істің басқа да материалдарымен дәлелденді», — делінген хабарламада.

Тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Бойжеткен 5 жасар қызды бірнеше рет ұрып, тепкен. Кейін белгілі болғандай, 17 жастағы бойжеткен әпкесіне қонаққа келген және одан баланы балабақшаға апаруды өтінген. Кішкентай қыз жылап, балабақшаға барғысы келмеген, сол кезде оны әпкесі ұрып-соққан.

Другие новости

Back to top button