Алматы

«Мыңдаған адам жұмыссыз қалмақ»: Алматыдағы «Рахат» базарының орнына сквер салынуы мүмкін

Даулы мәселе сотқа дейін жетті

Алматыда кәсіпкерлер қала әкімдігін сотқа берді. Қос тараптың арасындағы дау қайта жалғасты. Істі Алматы қалалық Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарайды. Кәсіпкерлер мен әкімдіктің арасындағы бұл жолғы сотқа судья Татьяна Термишева төпелік етеді. Жауапкер ретінде сотқа Алматы қаласының Жоспарлау және урбанистика басқармасы шақырылған. Осыдан бес жыл бұрын басталған Барахолкадағы жер дауының қашан аяқталары белгісіз, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ақпараттық порталы. Ал сотқа келген орта және шағын бизнес өкілдері судьяға сенбейтіндерін мәлімдеді. Олардың сөзінше, судья әкімдіктің өкілдеріне ашық түрде жақтасып отыр.    

«Сотқа көңілім толмады. Судья бізге сұрақ қойғызбайды. Сотқа «ТКМ» ЖШС заңгері мен кәсіпкерлердің атынан бірнешесе адам келдік. Керек болса кәсіпкерлердің бәрі келеді. Біз қазір екі-үш адамбыз. Кәсіпкерлердің атынан келіп тұрмыз топырламайық деп. Егер сот келгенімізді қаласа, келеміз. Біздің базардың орына сквер қойған. Мың адам жұмыс істеп жатыр. Соның орнына сквер салмақ. Ақылға қонбайтын дүние. Дұрыс емес. Әкімдік сендерге орын бердік деді. Берген орыны Адемнің арты. Ол кеше өртеніп кетті. Бізді бір оттан алып бір отқа салмақ па? Бізге тек өз базарымызды өзімізге қалдырсын. Біз модернизациясын да, тағы басқасын да өзіміз істейміз. Әкімдік аллеяға ақша беріп жатыр. Сол ақшаны бізге берсін. Бізде салық төлеушіміз. Әр ай сайын, әр жарты жыл сайын салық төлеп отырмыз. Біз, кәсіпкерлер базарды олардан артық етіп жасай аламыз. Біздің қазіргі базарымыз да жаман емес. Қазір біздің базарды таза емес, тағы басқа стандарттарға сай емес дейді. Түк те олай емес. Егер біздің базар жаман болса, адамдар келмейтін еді. Алматының көптеген адамдары менің «бутигімнен» киінеді. Менің үш сатушым бар. Олардың отбасы бар, әрқайсысында 5-6 адам бар. Менің қарауымдағы адамдар отбасымен бірге жұмыссыз қалайын деп тұр. Әкімдік бізге жәрдем берудің орнына біздің жеп отырған нанымыздан айырмақшы. Бұрын бізге орынды бостаыңдар деп Жетісу ауданының әкімі Көкебаеваның адамдары келген. Біз оларды қуып жібердік. Керек болса мың адам келеміз осы жерге. Бізге базарды қайтарсын. Өзіміз –ақ салып аламыз.», — деді сотқа келген кәсіпкердің бірі Тамар Жұмандықова.

Қаланың бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Барахолкадағы «Рахат» базарының жерін өзінің танысына беріп, жиһаз фабрикасын салмақ болған еді. Кәсіпкерлер қарсылық танытып, сот арқылы «Almaty CPS» компаниясын аластатып тастаған еді. Қаланың әкімдігі саудагерлердің сол кездегі әрекетін «манипуляция және провокация» деп бағалады. Алайда соттасудан қайтпаған кәсіпкерлер мен базардың заңгерлері енді тағы сотқа шағымданды. Өйткені, қала әкімдігі бұл жолы 400-ге жуық кәсіпкердің саудасын тоқтатып, 1 гектарға жуық жерге сквер салу туралы шешім шығарған. Базардың адамдары әкімдіктің нақ бұл жерге таласып, 25 жыл пайдаланып отырған базарды жабу туралы талап қоюларын – рейдерлік әрекет, халықты нанынан, табысынан айыру деп бағалады.

«Керек болса, әкімдіктің алдына түнеп, аштық жариялаймыз. Екіншіден, жолды жабамыз, митинг жасаймыз. Керек болса Тоқаевқа барамыз. Қазір біздің жерді аллея деп сылтауратып алады, кейін ақшалай біреуге сатып жібереді. Біз бұған жол бермейміз. Ол жерде нақты 366 кәсіпкер бар. Оның сыртында жалға алушылар, кәсіпкерлер, жұмысшылар, саудагерлер бар», — деді шағын және орта бизнес өкілдері.

Әкімдіктің мәліметінше, кәсіпкерлер базарды жаңаламаған, модернизация жасамаған. Әкімдік жерді алып қоюдың тағы бір себебін, базардың «қызыл сызықта» орналасуымен түсіндіріп келген еді. Алайда, базардың аумағы қорғау аймағына жатпайтын болып шықты. Ал кәсіпкерлер жаңа заманауи ғимарат салуға әкімдік жол бермей отыр деп санайды. Иесі анықталмаған аумаққа сауда кешенін тұрғызу заңға қайшы.

«Біздің пікіріміз ешкімге қажет болмады. Менің ойымша, сот әлі де жалғасады. Бұрынғы сот жерге жиһаз фабрикасын салу жайында болған, бұл жолы әкімдік аяқ астынан сквер саламыз деп отыр. Бұл аумақ бизнестің орталығы. Мыңнан аса адам табыс тауып жүрген жер. Сонда сквер салғаннан кейін, сол мың адам жұмыссыз қалмақ. Оны үкімет ойламайды. Біздің ақшаға, яғни салық төлеп отырған кәсіпкерлердің есебінен сквер салады, ал біз жұмыссыз қаламыз. Мен бұл базарға 1997 жылы келдім. Базардың жерін үшке бөліп, бөлінген жерлерді сатып жіберді. Қалған жерді де бізден алып, кейін оны тағы сатып жібермек», — деді кәсіпкер Иминжан Марланов.

Даулы сот ісіне БАҚ өкілдері қатыса алмады. Ашық сот отырысы болса да, қоғамдық бақылаушыларда сотқа кіре алмаған. Ал базардың өкілдері сот процесін әкімшілік тосқауылды қолдау деп бағалады.

«Төрағалық еткен судья — Термишева. Бүгінгі сот отырысында ТКМ-нің қала әкімдігі мен жер қатынастар басқармасы және Жетісу ауданы әкімі аппаратына қойған талап-арыздары қаралды. Әдеттегідей мемлекет орган өкілдері сотқа дайындықсыз келген. Нақты жазбаша түрде берілген ТКМ-нің сұрақтарына жауаптары жоқ. Ең сорақысы, осы сотта қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы 2013 жылдан бері «ТКМ» даулап келе жатқан «Рахат» базары орналасқан жердің ешқандай зираттың санитарлық қорғау аймағына кірмейтінін мәлімдеді. 2013 жылдан бері ол жердің орналасқан аумағы қоғамдық орталық, Қарасу өзенінің су қорғау аумағы. Біз үшін бұл тың мәлімдеме. «Зираттың санитарлық аумағын қайда жібердіңіздер?» деп біз нақты сұрақ қойдық. Қаланың бас жоспары осы жылдың 3 мамырында бекітілгенімен, ресми жарияланған күні 22 мамыр. Бас жоспар тек 22 мамырдан бастап күшіне енді. Бұған біздің берген сұрауларымызға зираттың қорғау аумағы деді, одан кейін Қарасу өзенінің қауғау аймағы деді, қазір енді нақты жоспардың дайын емес екенін естіп отырмыз. Тағы да анықталып отырған мәлімет, біз 2023 жылға кірдік деп отырсақ, сот процесіндегі мемлекеттік атқару органдарының белсенді әкімшілік тосқауыл әрекеттерінің салдарынан 2019 жылғы оқиғаның желісіне қайта оралып отыр. 2019 жылы әкімдік «Almaty CPS» жиһаз фабрикасын салуға беріп, соны бізге негіз етіп, соттың шешімін орындаудан бас тартқан еді. Өткен жылдың 12 желтоқсанында қайта қозғалған орындау өндірісі бар екеніне қарамай, мемлекеттік сот орындаушының талаптарын ескерместен, 16 ақпанда жерді Жетісу ауданы әкімінің аппаратына сквер саламыз деп беріп қойған. Бұл өте сорақы жайт деп есептеймін. Қаншама адамды қамтамасыз етіп отырған базардың орнына сквер саламыз деу күлкілі нәрсе. Алматы қаласында «ТКМ» мен «Рахат» базарының кәсіпкерлері жетімнің күйін кешіп отыр. Өйткені қала тұрғыны ретінде, кәсіпкер ретінде бағалап отырған басқару жүйесін көріп отырған жоқпын», — деді базардың заңгері Жамила Төленова.

Келесі сот отырысы 17 тамызда қайта жалғаспақ. Әкімдік базардың ортасына салынатын сверге қанша қаражат бөлгені белгісіз. Жерді қайтаруға көшкен әкімдік базарды су мен жарықтан ажыратып тастады

Другие новости

Back to top button