Культура

«МузАрт» тойға шықпай ма?»: Әбдіжаппар Әлқожа өзін «той әншісі» деп сынаған әріптесіне жауап берді

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы, әнші Әбдіжаппар Әлқожа “той әншісі” деп сынаған дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаеваны орнына қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қос өнер иесі “Бес жұлдыз” бағдарламасында дауласып қалды. 

“Бес жұлдыз» бағдарламасында маған «Қашанғы халықтың ығына қарап жұмыс істейміз?» деді. Бұл – эстрада, театр емес, консерватория емес. Біз халықтың ығына жұмыс істейміз, халық тойына шақырса барамыз, халық «концерт бер» десе, береміз! Сол үшін біз эстрада әншісіміз. Мен Ақмарал Ноғайбаева әпкеме әңгіме айта алмаймын. Керісінше, ауыр айтып қойсам кешірім сұраймын. Бірақ әр өнер адамының өзіндік пікірі бар. Айта алуға хақылы етіп осы «Бес жұлдыз» бағдарламасын Мейрамбек Бесбаев ашқан», – деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі бағдарламаға қатыспаған әпкесі Роза Әлқожаны да әділқазы мүшесі тілге тиек еткенін ұнатпай қалған.

«Менің ол жерде айтқым келіп, барымды салған себебім, «той әншісі» деп мені бөлектеді. Одан кейін Роза әпкемді «той әншісі» деп жоқ адамды араға қосты. Бауырым үшін тұрмасам несіне жігітпін?! Ақмарал әпкеден де басқа жандар «той әншісі бұлар, анау-мынау» деп арманын айтты. Бірақ ол жерлерін эфирден қырқып тастапты. Иә, мен той әншісімін! «Музарт» тойға шықпай ма? Тоқтар, Саят, Досымжан, «Жігіттер», Қайрат ағалар тойға шықпай ма? Керек десеңіз, дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік, эстрадалық әндерге дауыс жаздырып, тойда тіршілік етіп жүр. Ал бағдарламаға келгенде барлығы «руханият» деп әңгіме айтып қалады. Тойсыз елмен қауышу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкін емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп, негізі. Бірақ тоқтай білейін…» – деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Другие новости

Back to top button