ГлавноеГосорганы

Мұнайшылардың бесеуіне қатысты қатысты әкімшілік іс қозғалды – Бас прокуратура

Кешегі ереуілде 120-дан астам маңғыстаулық ұсталған

Мәжілістің кулуарында Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев елордадағы заңсыз жиналыста 120-дан аса адам ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

 

«Қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзудың алдын алу мақсатында ішкі істер органдары заңсыз жиналысқа қатысушыларды ішкі істер органдарына жеткізген болатын. Нәтижесінде тиісті профилактикалық жұмыс жүргізілді. Қазіргі таңда барлық жұмысшы өңірлеріне қайтарылды. Бірақ араларында айрықша белсенділік көрсеткен 5 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік іс қозғалып, олар сотта қаралды. Нәтижесінде оларға ескерту тәртібінде шара көрсетілді. Бірақ олар да үйлеріне қайтарылды», — деп түсіндірді Өмірәлиев Мәжілістің кулуарында.

Бас прокурордың орынбасары атап өткендей, басқа өңірлерде көшеге шыққандар туралы хабарлама жоқ. Тек Жаңаөзенде болды.

«Жаңаөзенде кеше ұсталғандардың туған-туысқандары, әріптестері оларды босатуды сұрап, көшеге шықты. Кеше полиция ғимаратына алып келген маңғыстаулықтардың жағдайы жақсы», — деп хабарлады ол.

Оның айтуынша, кешегі ереуілде 120-126 маңғыстаулық ұсталған. Ал Жаңаөзенде осы мәселеге қатысты ұсталғандар туралы ақпарат жоқ.

Другие новости

Back to top button