Происшествия

Мұхамедиұлының әйелінен пара алған адвокаты қамалды — антикор

Мәдениет және спорт министрі болған Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты пара беруге итермеледі деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Антикор.

Антикоррупциялық қызмет тергеп жатқан қылмыстық істерді жедел сүйемелдеу аясында сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметке араласуға бағытталған аса ауыр жемқорлық қылмыстар жасалынғаны анықталды.

Айталық, жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша пара беруге оқталған ҚР Мәдениет және спорт экс-министрі А.Мұхамедиұлының жұбайы әшкереленді. Cондай-ақ аталғандардың мүдделерін қорғауды жүзеге асырған адвокат алаяқтық пен пара беруге итермелеу күдігімен ұсталды, — делінген Антикор мәліметінде.

Другие новости

Back to top button