Образование

Мұғалімдер мен оқушылар сенбі күні демалады – министр

Елімізде оқу жылы 31 мамырға дейін ұзартылған болатын. Бүгін Республикалық Тамыз конференциясына қатысқан Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов оқу жылын ұзарту арқылы білім саласындағы бірқатар мәселені шешуге болатынын айтты.

25 мамыр – 31 мамыр. Былай қарағанда, санаулы күндер. Алайда бұл санаулы күндер қандай мәселені шешейін деп жатыр? Біріншіден, алты күн оқып жатқан, яғни сенбі күні демалмай жүрген бір жарым миллионға жуық оқушы бір жылдың ішінде 36 күн демалыс алады. Сенбі күні ата-анасының қасында болып, қосымшаларға барып, білімін дамыта алады, кітап оқып, үйде демалады. Екіншіден, бізде көп мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Оқу жүктемесінің азайғанына байланысты екі ауысымда оқып жатқан балалардың үш жүз мыңға жуығы бірінші ауысымда оқитын болады. Сонымен қатар жүз елу мыңға жуық мұғалім енді сенбі күні үйінде болады. Олар да демалуы керек. Балалармен жұмыс – өте күрделі жұмыс. Сондықтан 1 қыркүйектен оқу жылының соңына дейін мұғалім шаршайды, – деді министр.

Сонымен қатар Оқу-ағарту министрі биыл оқу жылын ұзарту арқылы үш ауысымдағы 100 мектептің мәселесі шешілетінін айтты. Бұл да білім саласындағы маңызды мәселе, деп жазадыturkystan.kz.

Шахтинск қаласы Білім басқармасының басшысымен сөйлестім. Шахтинскінің барлық мектебі 5 күнге өтіп отыр. Сондай-ақ Алматы қаласында артық жүктемемен оқып жатқан мектептер 5 күнге өтіп жатыр. Сондықтан осы шешімге түсіністікпен қарауды өтінемін, – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Другие новости

Back to top button