Социум

МҚҰ ШОБ жаққа алаңдайды

Бүгінде микроқаржылық ұйымдар шағын және орта бизнесті қызу қолдап отыр.

Соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканы технологиялық тұрғыда жаңғыртуды жеделдетуге және цифрлық экономика мен инновацияны дамытуға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылдады, ал 2020 жылдан бастап микроқаржылық ұйымдар нарығын реттеуге шындап кірісті.

Бұл тұрғыда банктердің ықпалы жоғары болғанына қарамастан, халықтың қарызға батуынан МҚҰ секторының беделі айтарлықтай төмендеді. Бұл көбінесе жеке тұлғаларға шағын несиелер беретін ұйымдар кінәлі.

Сондай-ақ, МҚҰ қызметіне берілген кейбір бағалау бойынша, несиелердің 80% ға жуығы кәсіпкерлік мақсатта берілген және бизнес үшін қолайлы қаржылық серіктес болып табылады. Микроқаржы ұйымдарының екінші деңгейлі банктерден айырмашылығы комиссияны, несиені мерзімінен бұрын өтегенде қандай да бір сыйақы, қарыз шарты бойынша міндеттемелерді уақтылы орындамаған жағдайда сыйақы мен өсімпұлды қоспағанда, қарыз беруге және алушыға көрсеткен қызметіне байланысты   басқа да төлемдерді өндіріп ала алмайды. Оған қоса, өсімпұлдың жалпы сомасы бір жыл ішінде берілген несие сомасының 10%-нан аспайды. Бұл да қарыз алушыға тиімді.

Бүгінде финтех құралдарының арқасында МҚҰ-ы несие тарихын автоматты түрде тексеру мүмкіндігіне ие болды, сонымен қатар тұтынушыларды қорғау құралдары да қарастырылған.

Бизнестің көптеген саласы цифрлық ортаға/жүйеге көшіп алды. Скорингті талдау әдісі алғашқы мәліметтер негізінде-ақ қысқа уақытта шешім қабылдап, белгілі бір шекті көлемдегі қаражатты мақұлдап, оны қарыз ретінде беруге мүмкіндік тудырып отыр. Осылайша, адамдар қаржы құралдарын кедергісіз әрі жедел пайдалана алады, – деді«ФинТехЛаб» МҚҰ ның бас директоры ( Dossym бренді) Асхат Бейсенбаев.

Кәсіпкерлік мақсатқа 20 мың АЕК-ке (2023 жылы 69 млн теңге) дейін шағын несие берумен қатар бүгінде FinTechLab басқа да қызметтерді біріктіріп алып жүр, оның ішінде сауда саласындағы кәсіпкерлердің басын қосып жүрген Шымкент базарлары бар.

FinTechLab көмегімен бизнес өкілдері ақшаны жылдам «жұмсап», тауарды сатып алады, содан кейін кестеге сәйкес төлей алады. Бұл олар үшін тиімдірек ұсыныс, өйткені бір терезе арқылы жұмыс орнынан шықпай-ақ,  ақша айналымын көбейтіп, қаржылық жағдайын жақсарта алады.

Басқа бағыттарда өтініш түскен сәттен бастап несиені мақұлдау мен беру жылдамдығы әлі де өзекті мәселе болып қала береді. Шағын және орта кәсіпкерлермен өзара әрекеттесетін FinTechLab-те автокөлікті кепілдейтін несиені мақұлдап, беру небәрі 30 минутты, ал коммерциялық жылжымайтын мүлікті кеепілдеуге 1-2 күнде жетеді.

Біз өзіміз көмектесе алатын адамдармен жұмыс істейміз, бізбен ынтымақтастық орнатқандар қаржылық қиындыққа ұрынбайды.  Бізбен ынтымақтастық орнататындар бұған дейін де адал жолмен пайда тауып жүргендер немесе бізден қарыз алу арқылы табысын арттыратындар, – дейді Асхат Бейсенбаев.

Микроқаржы ұйымдары пайдаланатын онлайн ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бастапқы кодтың осалдығына қарсы және серверлерде суық және ыстық деректерді сақтау талаптары қарастырылған.

Заңнамаға енгізуге ұсынылған өзгерістер бұдан бұрын айтылғандай микроқаржы ұйымдарының нарығын реттеуге бағытталған. Ол Ұлттық қауіпсіздік комитетінің МТҚ (мемлекеттік техникалық қызмет) қауіпсіздік талаптарына сай келеді.

Асхат Бейсенбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда нарықтың барлық субъектілерінде қолданыстағы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Мысалы, компаниялар арасында әлі де болса «жалақыға дейінгі несие» деген заңсыздық бар. Ал ол негізінде жылдық тиімді сыйақы мөлшері болуы керек.  Басқа микроқаржы ұйымдарында, соның ішінде автокөлікті несиеге берушілерде де тұтынушылардың өмірі мен мүлкін сақтандыруды жүзеге асыратын бұзушылықтар бар.

– Жеке тұлғалардың 50%-дан астамы кепілдендірілген тұтынушылық несиелер бойынша тартылған қаражатты өз бизнесіне жұмсайтыны әлі ескерілмеген. Әдетте, олардың белгілі бір мерзімге ақша алатын басқа мүмкіндігі жоқ. МҚҰ болмағанда олар арам ниетті несие берушілердің қолына түсіп, қаржылық жағдайын одан әрі нашарлатуы мүмкін», – деді Асхат Бейсенбаев.

 – МҚҰ-ға еліктейтін несие берушілердің базарларда жұмыс істеп, қарыз алушыларға жылына 700-1000 пайызбен несие беріп, күн сайын өтеу үшін төлемді бөліп-бөліп жинап жатқан мысалдары бар. Осылайша, МҚҰ нарығын реттеуді күшейту талабы адал МҚҰ-ға «соққы» болуы мүмкін, ал заң бұзушылар жағдайды одан әрі ушықтыра береді.

Қазақстан Республикасындағы Бірінші Несие Бюросының деректері бойынша несиелік портфельдің негізгі бөлігі екінші деңгейлі банктерге тиесілі – жалпы көлемнің 89,1%-ы немесе шамамен 16,2 трлн теңге. МҚҰ жалпы портфельдің 6,3%-ын немесе 1,1 трлн теңге береді. Басқа банктік емес несие ұйымдарының үлесі 4,6% немесе 830 млрд.

FinTechLab МҚҰ-ның мәліметтері бойынша, шағын несие алуға көбінесе Алматы, Алматы облысы, Шымкент және Астана қалаларының өкілдері жүгінеді. Бұл құрылыс бизнесі секторы, көтерме сауда және жүк тасымалдау компаниялары. Несиелеу көлемі бойынша көшбасшылар мейрамхана бизнесі, шаруа қожалығы және әртүрлі тауарлардың көтерме саудасы. Асхат Бейсенбаев МҚҰ үшін ең қолжетімді қаржыландыру көздері туралы айта отырып, МҚҰ облигацияларын сатып алатын бөлшек инвесторларды тартуды  бірінші орынға қойды.

Олар өте көп және олар МҚҰ-дың өміршеңдігін болжап-біліп отыр, – дейді сарапшы. Сонымен қатар, инвестициялық мобильді қосымшалар қор нарығына қолжетімділікті демократияландыруда маңызды рөл атқарды. Биометриялық сәйкестендіру қызметтері енді қашықтағы іскерлік қарым-қатынастар үшін қолжетімді және дәстүрлі қолтаңба мен жеке куәлік талаптарының қажеттілігі жойылды.

Осы орайда айта кету керек, FinTechLab биыл да KASE-де жоғары табысты облигациялардың теңге және доллар шығарылымын жоспарлап отыр. Бұл Қазақстандағы мемлекеттік емес бағалы қағаздар нарығының дамуына да ықпал ететін жергілікті нарықта өте тартымды инвестициялық құрал болады деп ойлаймыз.

 

Другие новости

Back to top button