Моңғолдар келмей тұрып қазақтар көк көзді болғаны рас па

Тарихшы Жақсылық Сабитов Қазақстанда кең таралған ойға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Елімізде көптеген адам “моңғолдар келмей тұрып қазақтар көк көзді болған” деген пікірге сенеді. Тарихшы Жақсылық Сабитов бұл пікірдің рас-өтірігін ғана емес, сонымен қатар, оның қайдан шыққанын да айтып берді.
– Бұл мифтің авторы – Оразақ Исмағұлов. Оның тұтас том-том жақсы кітаптары бар. Бірақ ол кітаптарды оқи бастасаңыз, түк түсінбей қаласыз. Ал сіз қазір айтып отырған миф – бұл сол кітаптардың халықша түсіндірілген нұсқасы. Біздің қан құрамымыздың төрттен бірі андрондықтардан, скифтер мен сақтардан бастау алады. Бірақ XIII ғасырда, моңғолдар келмей тұрып, қазақтардың ата-бабалары, яғни осы жерде өмір сүрген халықтың келбеті 50 де 50 болған: яғни 50% – моңғолоидтық, 50% – еуропеоидтық. Ал моңғолдар мен шығыс түріктері келгеннен кейін бұл арақатынас 70% бен 30% болды, дейді тарихшы.
Егер қарайтын болсақ, ол кездің адамдары антропологиялық жағынан Зауралье башқұрттарына көбірек ұқсаған.
— Яғни бұл — моңғолдар мен шығыс түріктері келмей тұрып өмір сүрген халық. Сондықтан, жалпы алғанда, бұл пікірде белгілі бір ғылыми шындық бар, бірақ ол сәл «басқашалау». Біз тек бір ата-бабаға назар аударамыз. Мысалы, сізде бірнеше ата-әжеңіз бар, соның біреуі сізге 14 бөлмелі пәтер қалдырды делік. Сіз сол әжеңізге ғана ұқсаймын дейсіз, сөйлеу мәнерім де сондай дейсіз… Ал басқа ата-әжелеріңізді есіңізге де алмайсыз, – деді тарихшы Qalam YouTube-арнасының эфирінде.