АқшаВыбор редакции

«Мөлшерлеме 26 емес, шындығында 45%-ды құрайды»: тұтынушылық несие қақпан ба?

Кредит аларда ескере бермейтін ұсақ қаріптер мен шарттар бар

Қазіргі таңда кредитсіз адамды кездестіру қиын. Ал ресми дерек не дейді екен? Соңғы мәлімет бойынша, елде 7 млн 283 адамда несие бар. Қарыздың жалпы сомасы — 15 трлн теңге. Соның ішінде тұтынушылық несие жыл ішінде 16,5 пайызға артып отыр, яғни, сандар тілінде, ол биыл 9 трлн теңгеге жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Мәселенің өзектілігі биылғы Жолдауда да айтылды. Кредит қақпанына түсіп қалмас үшін қаржыгер және психологтар өз кеңестерін ұсынады.

«МӨЛШЕРЛЕМЕ 26 ЕМЕС, ШЫНДЫҒЫНДА 45%»

Қақпанға түсіп қалмас үшін, ең біріншіден, қаржылық сауатты болу керек, дейді қаржыгер Батыр Елемес.

«Қаржылық білім алудан бастау керек. Мен қарапайым 3 кеңесті ұсынайын. Ол үшін алдымен мысал келтіре кетейін», — дейді Батыр мырза.

1 МИЛЛИОН ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕ МЫСАЛЫ

«Мысалы, 1 млн тг несиені 1 жылға алсаңыз, 1 млн 200 мың етіп қайтарасыз. 26 емес, шындығында, бұл 45 пайыз. Келісімшартты мұқият оқу керек. Егер мен банктен 1 млн алып, оны 1 жыл бойы қолданып, банкке 1 жылдан кейін қайтарсам, онда 200 мыңды үстінен төлесем, онда ол 26 процент болар еді. Бірақ та, мен ол ақшаны бірінші айдан бастап қайтара бастаймын ғой. Сонда 1 жылдың ішінде мен 1 миллионды қолданбаймын. Сондықтан біз 26 пайыз деп санай алмаймыз. Біз қолданған ақшадан пайызды санаймыз. Мысалы, бірінші айда мен ақшадан 50 мың қайтарам, сосын 30 мың қайтарам, сонда жылдың ортасында 1 млн-ның жартысы ғана қолымда қалады. Яғни, есептегенде 45 пайыз шығады», — дейді маман.

Қаржыгердің айтуынша, айына шартты түрде 105 мың төлесеңіз, оның 90 пайызы – үстіндегі үстеме пайызы.

«10-15 теңге ғана – негізгі қарыз. Бірнеше айдан кейін ғана негізгі қарыз бен пайыз бірдей болады», — дейді ол.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

ТҰТЫНУШЫЛЫҚ НЕСИЕНІ ТӨЛЕУДЕ ЕСКЕРІҢІЗ

Қазір — маркетологтар заманы. Банктің маркетологтары мықты жұмыс істейді. Телефонның бір, екі батырмасын басып, несие алу өте жеңіл. Алданып қалмас үшін келісімшартты мұқият оқу керек, дейді маман.

«Өйткені, кей шарттар алдап тұрады. Бірінші кеңес – мерзімінен ертерек төлем жасау. Бірақ, маңыздысы, оны айдың ортасына жеткізбей, басында төлеу керек. Ол қалай? Осы жерде екінші кеңес – мерзімінен бұрын төлеген кезде, төлейтін күннің дәл ертеңіне төлеген абзал. Мысалы, несие келісімшарты бойынша, әр айдың 1 күні кредит төлейтін дата, делік. Яғни, 1 ақпанда кредиттің ай сайынғы төлемін жасасаңыз, 2 ақпанда мерзімінен бұрынғы соманы төлеуге кеңес беремін. Неғұрлым ерте төлесеңіз, соғұрлым сол алдағы айлардың пайызын аз төлеп, үстеме пайызды емес, негізгі қарызды жабасыз. Сонда, кейінгі айлардың негізгі сомасы да, пайыздық үстемесі де азая береді», — дейді маман.

Түсінікті болу үшін тағы да мысал түрінде талдайық.

«Мысалы, бірден 1 ақпан күні 200 мың тг сала салсаңыз, онда 105 мыңын алып тастайды да, қалған 95 мыңы шотта жата береді. Сондықтан, келесі күні жеке сол ақшаны салғаныңыз дұрыс. Сонда 95 мың теңге негізгі қарыздан алынады,» — дейді Батыр мырза.

» alt=»» aria-hidden=»true» />AMP

Осы ретте, елімізде жыл басынан бері тұтынушылық несие көлемі 16,5 пайызға артқанын айта кеткен жөн. Бір өкініштісі, адамдар көбіне көрсеқызарлықпен қарызға кіріп кетеді екен.

«Импульсивті несие алу дегеніміз — адамның жоспарсыз сауда жасауы. Көбінесе, киім кешек, телефон, тойдың жасауы, сыйлықтар, т.б. үшін қарызға кіру. Шопоголизм деген сананың бұзылуы. Ол кезде адам заттарды алу арқылы өзін уақытша бақытты етеді. Мұндай адамдар өзіне сенімсіз, ішкі қайғысы бар. содан арылу үшін импульсивті сауда жасайды. Солай, бітпейтін шеңбердің ішінде жүреді», — дейді психолог Индира Әшімхан.

БАНКПЕН ДИАЛОГ

Сонымен қатар, қарыз алып қойған жағдайда да оңтайлы жолын іздеу кеш емес.

«Үшінші кеңесіміз: мерзімінен ерте ақша салған кезде, банк көбіне ай сайын төлейтін соманы төмендетеді. Бірақ, оны келіссөз жүргізе отырып әр айда төленетін соманы емес, несие мерзімін қысқартуға болады. Бұл өте маңызды. Өйткені, мерзімін қысқартқан соң, ақшаны қолдану мерзімі қысқарады да, пайызы аздау болады. Бірақ банк оны көбінесе бізден сұрамайды. Айлық сома төмендеді деп, риза болып жүре бермеңіз. Банкпен диалог жасау маңызды. Банктерді көбінесе адамдар диалогке шақырмайды. Егер адам кредитті төлей алмаса, банкке барып, сөйлесуі тиіс. Менің айлығым — 300 мың тг, ал бірнеше кредитімнің төлемі — 400 мың теңге. Мен төлей алмаймын десең, олар қайта құрылымдау (реструктуризация) жасайды», — дейді Батыр Елемес.

Осы аталған 3 кеңес сияқты қарапайым, бірақ маңызды қаржылық сауаттылық шарттарын білу үшін 8 өңірде «Қарызсыз қоғам» жобасын қолға алды. Соның нәтижесінде 6 айда 20 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырды. Тіпті, банкке берешегі көп кейбіріне құқықтық кеңес те берілген. Алайда «Қарызсыз қоғам» — әзірге партиялық бастама. Енді оны ұлттық жобаға айналдыру мәселесі тұр.

Ресми дерекке сүйенсек, елде 1 млн-ға жуық адам несиесінің төлем уақытын кемі 3 ай өткізіп алған. «Қарыз күліп келіп, жылап қайтады». Демек, қаржылық сауаттылықты арттыру – әр адам үшін маңызды талап.

Ашық көзден

 

Другие новости

Back to top button