Атырауская областьГлавное

«Молда емес, күзетші болған»: 9 жасар қыздың ішінен «жын шығарған» атыраулық емшінің сұмдық өтірігі әшкере болды

Кішкентай қызды қинап, жын шығарумен айналысқан атыраулық емші Кейқуат Оспановтың «мешітте имам болғаны» өтірік болып шықты. Оның үстіне, бұл адам Алматыдағы «Сақтар» рухани халықтық медицина орталығының лицензиясын емес, сертификатын ғана алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атырау облысы орталық мешітінің баспасөз қызметі Кейқуат Оспановтың мешітте молда емес, күзетші болып жұмыс істегенін мәлімдеді.

«Ол 2009 жылы 2 ай күзетші болып «Иманғали» орталық мешітінде қызмет атқарған», — деп жауап берді мешіттен.

Естеріңізге сала кетсек, 9 жасар қыздың ішінен «жан шығарып» жатқан емшінің әрекеті әлеуметтік желіде жарияланған болатын. Бейнежазбада екі ер адам жерде жатқан баланың қолын байлап, тамағынан қысып жатқанын көруге болады. Емші баланың ішіндегі «шайтанмен» сөйлескендей түр танытып, сұрақтар қойған. Қиналған бала жылап жауап беріп жатқанын көруге болады.

Кейін оқиғаға байланысты ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева жазды.

Другие новости

Back to top button