Госорганы

Мобилизациядан жалтару: ресейліктер Қазақстанның қай өңірлеріне жаппай келіп жатыр

Биыл Қазақстанға 1 660 000 РФ азаматы кірген

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Ресеймен шекарада жеңіл автокөлік құралдарының жиналуы туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ведомствода атап өткендей, 21 қыркүйектен бастап Ресейден Қазақстанға тасымалданатын жеңіл автокөлік саны 20 пайызға өскені байқалады.

«Осыған байланысты ҚР-ға кіру кезінде РФ шекарасының кейбір учаскелерінде автокөлік құралдарының жиналуы байқалады. Ең көп жиналу Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Қазақстанға келетін ресейліктер санының артқаны туралы хабарланған болатын. ҚР Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, биыл Қазақстанға 1 660 000 РФ азаматы кірген, ал 1 640 000 адам кеткен.

 

Другие новости

Back to top button