Госорганы

Мобильді аударым 100-ге жетпесе, салық салына ма?

Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жатады

Әлеуметтік желіде табыс тауып отырған азаматтардың кәсібінің заңдастырылғанын анықтау үшін мониторинг жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл санатқа жататын азаматтарды толықтай қадағалау жалпыға бірдей декларация толтырған кезде ғана анық көрінеді.

2024 жылдан бастап банк ұйымдары жеке кәсіпкерлердің мобильді аударымдары бойынша деректерді беретін болады. Күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 100 түрлі тұлғадан мобильді аударымдар алған азаматтар бақылауға алынады. Бірақ егер 2 ай 100 аударымнан көп төлем жасалып, арасында үзіліс жасап төлем аударылса, я болмаса 100 аударымға жетпейтін мөлшерде болса, бұндай жағдайда тексеріс жүргізілмейді.

«Бұл критерий жасалған кезде көптеген азаматтар өз ұсыныстарын білдірді. Неліктен 50 емес, 100 аударым болуы керек деген пікір де айтылды. Соңғы шешім қабылдар алдында екінші деңгейлі банктермен келісім жүргіздік. Бірінші кезеңде жүргізілген салықтық бақылаудың нәтижесі бойынша 3 айға 100 аударым деген критерий өзгеру де мүмкін. Бұл шешімді шығаруда жеке азаматтардың пікір де ескерілетінін айта кету керек. Әр азаматтың қандай шоты, төлем жүргізгенін анықтау жеке сәйкестендіру нөмері арқылы жүргізіледі», — деді ҚР ҚМ МКК-нің ресми өкілі Айнұр Сартаева.

Оның айтуынша, жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін (туыстарына, достарына аударымдар, ата-аналар мен балаларға көмек, сондай-ақ басқа да өмірлік жағдайлар бойынша) мобильді аударымдар жасай алады және қабылдай алады. Бұл ретте мұндай аударымдарды декларациялаудың қажеті жоқ, өйткені олар жеке тұлғаның табысына жатпайды.

Табыс алуға бағытталған аударымдар ғана декларациялауға жатады.

Другие новости

Back to top button