Спорт

«ММА – харам емес»: Дәулет Тұрлыханов спорт түрін харам деушілерге жауап берді

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ММА спорт түрін харам деушілерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі Дина Төлепбергеннің бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

 

Айта кетейік, осыдан бес жыл бұрын Тәжікстан Республикасының мүфтиі Саидмукаррам Абдукодирзода бокс және ережесіз жекпе жек өткізу харам деген болатын.

«Ақшаға өткен кез келген ойын мен жекпе-жек харам. Ақыл мен денеге еш пайдасыз нәрсеге уақытты текке өткізу», – Тәжікстан Республикасының мүфтиі Саидмукаррам Абдукодирзода.

Ал Мәжіліс депутаты Тұрлыханов ММА жеңіл спорт түрі емес екенін айтып, оны ешқандай ұйым оны шектемейтінін жеткізді.

«Мықты боксшыларымыз бар. Күрес түрлерінен шыққан палуандарымыз бар. Көбі ММА-ге кетіп жатыр. Бұл спорт түрі жай спорт түрі емес. Мұнда ауыр жарақат алады. Бірақ ешқандай ұйым оны шектеп жатқан жоқ. Әр елде әлем чемпионаттары өтіп жатыр. Ең бастысы қоғамда жастарға, орта жастағыларға көбіне осы спорт түрі ұнайды. Сондықтан ешкім шектеу қоя алмайды. ММА — харам емес. Екі мықты адам шығып әдіс-айласымен бірін-бірі жеңуі керек. Өзінің ережесі бар. Әрине қатыгездік кетіп бара жатса төрешілер тоқтататын шығар. Бірақ бұл спорт жеңіл спорт түрі емес. Мен өзім бармайтын едім», — деді Тұрлыханов.

Другие новости

Back to top button