Спорт

«Миына қан кеткен»: ауыр нокаут алған Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты ақпарат тарады

Алайда ауруханада Ербосынұлының жағдайына қатысты еш ақпарат бермей отыр

Айдос Ербосынұлы (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) нокаутпен жеңілгеннен кейін жағдайы нашарлаған. Бұл туралы бірнеше мәлімет көзі хабарлап отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәселен белгілі инсайдер Дэн Рафаэльдің айтуынша, Айдосты Хеннепин округінің медициналық орталығына дәрігерлік тексеру жасау үшін алып кеткен, боксшы ауруханаға миына қан кеткен соң медикаментозды жағдайда жеткізілген.

Алайда ауруханада Ербосынұлының жағдайына қатысты еш ақпарат бермей отыр.

TGB Promotions промоутерлік компаниясы мен Premier Boxing Champions телефраншизасының өкілдері қазақстандық бкосшының жағдайына қатысты пікір білдірді.

«TGB Promotions мен PBC өкілдері Миннеаполисте Айдостың командасының қасында. Біз жағдайды жіті бақылап отырмыз. Жеке өміріне деген құрметке байланысты ол туралы мән-жайды айта алмаймыз, алайда, бокс сүйер қауымын ол үшін дұға етуін сұраймыз», — делінген PBC және TGB Promotions біріге жасаған мәлімдемеде.

Бокс кешінің телетрансляторы болған Showtime арнасы келесідей мәлімдеме жасады:

«Ербосынұлының жағдайын бақылап отырмыз, қазіргі таңда біз ойша онымен және жақындарымен біргеміз».

Другие новости

Back to top button