Госорганы

Министрлік Тамара Дүйсенованың қазақша білмейтіні туралы ақпаратқа пікір білдірді

Ведомство өкілдері министрдің мемлекеттік тілді жетік меңгергенін мәлімдеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанның бірқатар бұқаралық ақпарат құралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенованы қазақша білмейді деп жалған ақпарат таратып жатыр деп мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ranking.kz интернет-порталында, ал кейіннен Қазақстанның бірқатар басқа да БАҚ-тарында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік тілді білмейді деген шындыққа мүлдем жанаспайтын ақпарат таратылды. Бұл ретте көрінеу жалған ақпарат тарату заң бойынша жазаланатынын назарыңызға саламыз», — делінген министрлік таратқан хабарламада.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Тамара Дүйсенованың ана тілі қазақ тілі екенін хабарлайды.

«Министр мемлекеттік тілді жетік меңгерген, ҚР Үкіметі мен Парламентінде үнемі қазақша сөз сөйлейді, БАҚ-тарда сұхбаттар пен түсініктемелерді қос тілде қатар береді”, — делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы екінші бөлігіне сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған жала жабу (яғни, басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтерді тарату) 650 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуға не 25 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатынын ескертті.

Другие новости

Back to top button