Госорганы

Министрлік агробанк құруды қолдайды, өзге ведомстволар қарсы – Ербол Қарашөкеев

 Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжілістегі Үкімет сағатында елде аграрлық банк құруға қандай кедергі бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов аграрлық банк құру мәселесі жыл сайын көтеріліп жүргенімен, неге қолдау таппай жатқанын сұрады.

Министрдің айтуынша, Ауыл шаруашылығы ведомствосы бұл бастаманы қолдап отыр. Тек ведомствоаралық комиссия қолдамай отырған көрінеді.

«Ауылшаруашылық агроөнеркәсіпті қаржыландыратын банкті құру мәселесі бойынша біздің ұстанымымыз анық. Біз ондай банкті құруды қолдаймыз. Негізі бізге ол сұрақ келген кезде бізден басқа да ведомстволар мен министрліктер бар. Ол жақтан мақұлданған кезде ортақ келісім таппаймыз. Сол себептен сұрақты әрі қарай өткізе алмаймыз. Негізі агроөнеркәсіптік банкті құру жай банк құру, банк үшін емес, құрған күннің өзінде несиелердің мерзімін ұзарту, сыйақы мөлшерлемесін төмендету мәселесін шешу керек. Жай банк құрып емес, проценттік төлемақысы төмендетіп, 12-15 жылға дейін беретіндей мүмкіндік жасау керек. Сол кезде ондай банкке қажеттілік те болады», — деді Ербол Қарашөкеев.

Другие новости

Back to top button