Акмолинская областьВыбор редакции

Мешітте ұрлаған ақшасын жезөкшелерге жұмсаған жігіт ұсталды

Есікті бұзып кірген жігіт сейфке жету үшін күзеттен бұғып, жәшікте жатқан

Ақмола облысы Қоянды ауылында Алланың үйіне ұрын кіріп, садақадан жиналған қаражатты қағып кеткен жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

«Қоянды ауылының мешітіне сағат түнгі 11-12 шамасында бардым. Барып, соның ішінде жәшікте ақшаны күттім», — дейді күдікті.

Мешітке түн ішінде пластикалық есікті бұзып кірген жігіт сейфке жету үшін күзеттен бұғып жәшікте жатқан. Қауіп сейілген кезде, садақа салынған сейфтің есігін бұзған. Сөйтіп 650 мың теңгені алып тайып тұрыпты.

Көп кешікпей қолға түскен күдікті садақадан жиналған ақшаны жезөкшелерге жұмсағанын айтқан.

Бұл азамат үшін мешіт тонау таңсық емес сияқты. Оңтүстіктен келіп, Қосшы кентінде тұрып жатқан ол осымен бес мешітті үптеп кеткен екен.

Другие новости

Back to top button