Выбор редакцииИнтервью

«Менің атымды құрту – исламның жауларына ең қажетті нәрсе» – Бекболат Тілеухан қазақ мұсылман болмаған дегендерге жауап берді

Экс-депутат Бекболат Тілеухан “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында қазақ мұсылман болмаған деген насихат жүргізіп жүргендерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бекболат Тілеуханның айтуынша, қазақтың мұсылман болғанын дәлелдейтін фактілерді айта алатын өзінен басқа адам жоқ.

«Қазір қазақ мұсылман болмаған деген насихат жүріп жатыр. Қалай мұсылман болмағансың, сенің жазба әдебиетің Асан қайғыдан басталса. Асан деген кім? Хасан деген пайғамбардың немересінің аты. Доспамбет – Досмұхамед, Ақтамберді –
Хақтанберді, Махамбет – Мұхаммед, Ыбырай, Абай – Ибраһим, Ілияс, Ахмет – пайғамбардың аты, Міржақып – Жақып пайғамбардың аты, Жүсіпбек – Жүсіп пайғамбардың аты. Соның бәрін тарихыңнан сызып тастап, мұсылман болмаған елміз деп айтудың қаншалықты әділеттілігі бар.

Ол түсінікті нәрсе. Осының бәріне мен сияқты жауап бере алатын намазы түгел адам бар ма? Жоқ. Сондықтан менің атымды құрту – исламның жауларына ең қажетті нәрсе. Осыған дауласып бере алатын менмін. Қазақтың мұсылман болғандығы, қазақтың дәстүрі,  Абай, Бұқарлардың таухид ұстануы жайлы айта алатын адам менмін. Аузымның дуасы болмаса да, танымалдығым бар. Мені ұрлықшы, алаяқ, кісі өлтіргіш деп жала жабу – осы менің айтып отырған асыл сөздерім елге өтпей қалу үшін істеліп жатқан нәрсе», – деді Бекболат Тілеухан.

Другие новости

Back to top button