Нур-Султан
«Мені ғана қорқыта бересіз»: Бишімбаевтың адвокаты судьяға неге «ренжіді»
Адвокат Ерлан Ғазымжанов Бишімбаевтың отбасы құрғаннан кейін Нүкенованы үш-ақ рет ұрғанын айтты. Оның ойынша, бір жыл ішінде әйелдің 3 рет таяқ жеуі – түк емес, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бишімбаев әйелін бір жыл ішінде 3 рет қана ұрған. Бірақ олар бірге қыдырды, барғысы келген жерлерге барды, ішкені алдында, ішпегені артында, қымбат киім киді, қымбат әшекей тақты емес пе? Сонда олар үш-ақ рет жанжалдасып қалды. Ендеше әр отбасындағы еркекті ұстап, 4 жылдан 7 жылға дейін қамап тастай берейік?» , — деді ол.
Судья Құлбаева адвокаттың ескерту жасады. Оған Ғазымжанов «қорқытқаныңызға рахмет» деп жауап берді.
«Неге маған ғана қысым көрсетесіз, бақаларына ештеңе демейсіз?», — деп ренжіді ол.
Судья ескертудің қорқыту емес екенін түсіндіріп, адвокаттың ҚК заңнамасы нормасын бұзып тұрғанын айтты.