Госорганы

Менде де солай»: Министр Қазақстанда соңғы кездері не себепті интернет нашар екенін айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернеттің нашарлау себебін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр интернеттің нашарлауын кибершабуылдарға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен байланыстырды.

“Қыркүйек айының соңында Қазнетке кибершабуыл жасалғаны белгілі Қазір осындай кибершабуылдарға төтеп беру үшін тиісті шаралар жүргізіліп жатыр. Біз төтеп беру үшін жағдайымызды түзетуіміз керек. Сол себепті осындай жағдай кезінде аздап проблема туындауы мүмкін”,.

Мусиннің айтуынша, оған қоса, бұл тек мемлекеттік органдардың интернет ресурстарын ғана емес, бүкіл қазақстандық инфрақұрылымды сақтап қалу үшін жасалып жатқан шаралар.

“Мемлекеттік инфрқұрылымға ғана емес, кейбір БАҚ сайттарына да шабуыл жасалды. Сол себепті осындай кибершабуылдарды болдырмау үшін ақпараттық қауіпсіздіктің деңгейін арттыру қажет”, – дейді министр.
Сөзінше, егер кибершабуыл көбейіп кетсе, инфрақұрылым құрып, мүлде жұмыс істемей қалуы мүмкін.

Сондықтан сәл күту керек.

«Қазір интернет қазақстандықтарда қалай ұстаса, менде де солай. Жұмыс істеп жатырмыз, кей кезде ақау болады, оны бәріміз сезіп жатырмыз. Жалпы алғанда интернет жұмыс істеп тұр, жоқ деп айтуға болмайды», — деді Мусин.

Другие новости

Back to top button