Госорганы

Мен үшін халықтың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанның түпкі мәнін түсіндіріп өтті

«Егемен ел болу оңай емес, бірақ елдікті сақтап қалу одан да қиын». Ақордада мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты тапсыру рәсімінде осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан қайткенде орнайтынына тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Егемен ел болу оңай емес, бірақ елдікті сақтап қалу одан да қиын. Біз қастерлі тәуелсіздігіміздің тұғырын нығайта түсуге тиіспіз. Сондай-ақ еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы кедергінің бәрінен арылуымыз керек. Одан әрі даму үшін жаңа стратегиялық бағдарымызды айқындау маңызды. Соңғы жылдары түрлі салада түбегейлі реформалар қолға алынды. Мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталды. Мақсатымыз – Әділетті Қазақстанды құру. Қазір біз осы күрделі жолдың басында тұрмыз. Мен үшін халықтың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік. Сол себепті, мен осы стратегиялық бағытты еліміздің басты бағдары ретінде жарияладым. Бұл жолдағы барлық жауапкершілік жүгін арқалауға дайынмын. Біз ауқымды конституциялық реформа жүргізіп, елімізді түбегейлі қайта құруға кірістік», — деді ол.

Президент Жаңа Қазақстанның түпкі мәнін түсіндіріп өтті.

«Әділетті Қазақстанды құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Біз ұлт болып ұйысып, парламент дәстүрі барынша орныққан, президенттік республика құрамыз. Жаңа Қазақстанның түпкі мәні де – осы. Ұлттың шынайы ұлылығы дегеніміз бұл – ең алдымен, оның азаматтары, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі және елдің өркендеуі үшін жасаған адал еңбегі. Осы ұлық мереке қарсаңында ерлігі мен еңбегін ел мойындаған бір топ азаматты жоғары мемлекеттік наградамен марапаттау туралы шешім қабылдадым», — деді Қ. Тоқаев.

 

 

Другие новости

Back to top button