ГлавноеНур-Султан

«Мен оған сенетінмін»: Бишімбаевтың телефон соққан балгері Шымкентте тұратын болып шықты

Өзіне қатысты қылмыстық істің келесі эпизоды бойынша жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев бұған дейін айтқан балгер адамы Шымкент қаласында тұратынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Айта кетейік, бұған дейін екінші эпизод бойынша жауап берген Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова ұйықтап жатқанда балгерге телефон соққанын айтқан.

«Менің таныс балгерім бар еді. Мен Салтанат оянбай жатыр, қарап көріңізші дедім. Балгер маған «ол қатты шаршаған және мас, кешке дейін ұйықтасын, сосын бәрі жақсы болады» деді. Мен балгерге «біз үшін бірдеме оқыңызшы, Салтанат тез жазылып кетсін» дедім. Сосын Бақытжан Байжановқа дәрі әкеліп бер дедім», — деген еді Бишімбаев.

Ал бүгін зардап шегуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев бұл балгер Шымкентте тұратынын хабарлады.

«Балгер Шымкент қаласында тұрады. 1-1,5 жылдан бері таныспыз. Осы уақытқа дейін бизнесім бойынша хабарласып, сұрайтынмын. Менің ойымша, оның айтқаны келетін. Сондықтан, Салтанаттың басындағы көгерген жері үлкейген соң телефон соқтым», — деді Бишімбаев.

Адвокаттың «әйеліңізге жедел жәрдем емес, Шымкенттегі балгер көмектеседі деп ойладыңыз ба?» деген сұрағына ол «мен балгерге сенетінмін» деп қайталап жауап берді.

Другие новости

Back to top button