Главное

«Мен де мінген едім»: Балжан Бидаш Нью-Йорктегі тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді

Танымал әнші Балжан Бидаш Нью-Йорктағы тікұшақ апатынан аман қалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

 

Өнер иесі Америка еліне саяхаттап кеткен еді. Әлеуметтік желідегі парақшасында Нью-Йорктегі тікұшақ апатының видеосын жариялады.

“Мен де мінген тікұшақтың бірі құлады. Бір отбасы кетті. Жүрегім-ай” деп жазды эстрада жұлдызы.


Сондай-ақ өнер иесі алаңдап жатқан тыңдарман қауымға алғыс білдіріп, дін-аман екенін айтты.

“Маған тоқтаусыз осы видеоларды оқырмандарым жіберіп жатыр. “Амансыз ба” деп жазып, уайымдап жатқан жандарға рақмет. Құдай аяқ асты келетін апаттан сақтасын”, – деп жазған әнші.

Еске салайық, Нью-Йоркте туристік тікұшақ апатқа ұшырап, Siemens Испания компаниясының басшысы мен отбасы қаза тапқан еді.

Другие новости

Back to top button